Цукерберг Facebook-те адамдарды бөлгені үшін кешірім сұрады
08:22, 02 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Марк Цукерберг Facebook-те адамдарды бөліп-жарғаны үшін жұртшылық алдында кешірім сұрады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің жұмысым адамдарды біріктірудің орнына бөліп тастады. Мен ол үшін кешірім сұраймын. Бұл кемшілікті түзеймін», - деп жазды Цукерберг.
Жария кешірім сұрау иудейлік Йом-Киппур кешірім сұрау мерекесіне байланысты болған. Цукерберг Facebook-тың қалай адамдарды бөліп-жарғанын нақтыламады.