Цукерберг Facebook-тің жаңа қызметін көрсету үшін тікелей эфирге шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook басшысы Марк Цукерберг тікелей эфирде әлеуметтік желінің Facebook Live жаңа қызметі туралы әңгімелеп берді. Трансляция оның ресми парақшасында қолжетімді, деп хабарлады Gazeta.ru.

Жаңа сервис қызметтерінің арасында - топтық стриминг, бейнежазба жайында сол  мезетте пікір алмасу және достарды көруге шақыру мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге бүкіл жаңалықтар таспасымен, сондай-ақ бөлек достар топтарымен трансляция арқылы ой бөлісуге болады.

Цукербергтің айтуынша, сервис атақты адамдармен (актерлер, музыканттар немесе спортшылармен) қатар, қарапайым қолданушыларға да пайдалы болмақ.

Facebook Live тікелей трансляцияға маманданып отырған  Periscope сервисімен бәсекеге түсе алады.