Бұл атақтан аргентиналық Лионель Месси мен франциялық Франк Рибери және португалиялық Криштиану Роналду үміткер болып отыр.
Дүйсенбі күні тағы үш үміткердің есімдері анықталады. Шведтік Залатан Ибрагимович, бразилиялық Неймар мен сербтік Неманья Матич Ференц Пушкаш атындағы жылдың ең әдемі голы сыйлығынан үміткерлердің қатарында. Бұдан басқа ФИФА-ның «фэйр-плей» сыйлығы және ФИФА президенті Йозеф Блаттер атынан трофей табысталады.