2015 жылға қарай Oerlikon орталық вокзалының аумағы ұлғайтылады. Ұзындығы 5 км құрайтын жаңа тоннель Oerlikon вокзалын Цюрихтің басты орталық вокзалымен жалғастыруы керек болатын. Осы жолда фабриканың ескі ғимараты кедергі болғандықтан оны сау күйінде 63 км қашықтыққа жылжыту жоспары құрылды.
Фабриканың әкімшілік ғимараты өз орнында 123 жыл тұрған көрінеді. Осынау тарихи ғимаратты қиратпас үшін құрылысшылар оған зақым келтірместен орнынан жылжытудың технологиясын ойлап тапқан.
Сейсенбі күні сағат 11.00-де жиналған қауым бұған дейін көрмешген оқиғаның куәсі болды. Ғимарат гидравликалық домкраттың көмегімен жылжытылды. Абырой болғанда процесс ешбір тосынсыйсыз аяқталды.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да биіктігі 80 метрді, ені 12 метрді құрайтын үш қабатты нысан 20 метрге жылжытылды. Белгіленген қашықтықтың жартысы 21:00 сағатта игерілді. Жылжытудың орташа жылдамдығы сағатына 3,50 - 3,75 метрді құрады.
Жұмыстың бәрі ғимаратты аман сақтап қалуға бағытталған. Жоба бойынша жұмыс 2010 жылы тамызда басталған болатын. Сол сәтте нақты есептеулер жасалып, жобаны жүзеге асыру үшін 10 млн еуро жұмсалды, деп хабарлайды Le Matin.
04:49, 25 Мамыр 2012
Цюрихте вокзалды кеңейту үшін салмағы 6 200 тонна ғимарат орнынан көшірілді
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Цюрихтегі Oerlikon орталық вокзалын кеңейту үшін үш қабатты фабриканың ескі әкімшілік ғимаратын батысқа қарай 63 метрге жылжыту жөнінде шешім қабылданды. Бұл туралы BNews.kz жазады.