Шара барысында «КТК» телеарнасының стратегиялық даму жөніндегі директоры Артур Платонов ҚР Президентінің жоғары деңгейдегі жабық келіссөздерінде этносаралық келісім мәселесі қаншалықты қозғалатынын сұраған болатын.
«Кейбіреулер ойлағандай өте жиі емес. Бірақ, уақыт өткен сайын қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер Мемлекет басшысына жүгініп, сұрай бастайтын болды. Жылдан жылға бұл тақырыпқа, проблемаға қызығушылық артуда. Әсіресе, соңғы 2 жылда бұл тақырып барынша өзекті бола түсті», - деді сауалға жауап берген Д.Абаев.
Сонымен қатар Президент баспасөз хатшысы бұл мәселеге инвесторлар да жи қызығушылық танытатындығын айрықша атап өтті.
«Өйткені, олар үшін инвестиция құйғысы келетін елдегі ұлтаралық келісім өте маңызды», - деді ол.