Д.Ахметов құрылысты уақытында аяқтамағандармен заң жүзінде сөйлесу керектігін ескертті - ШҚО

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әкімдіктің кезекті отырысы барысында басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне құрылыс нысандарын уақытында аяқтамаған мердігер компаниялармен заң аясында жұмыс істеп, істі қолға алуды сұрады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Мәди Отарбаевтың айтуы бойынша, жыл соңына дейін 39 құрылыс нысаны тапсырылса, 13 нысанның берілу мерзімі келесі жылға көшірілген. Сонымен қатар, 8 білім беру мекемесінің тапсырылу мерзімі кешіктіріледі. - Құрылыс нысанын уақытылы тапсырмаған мердігерлермен заң аясында сөйлесіп, құзырлы мекемелерге шағымдануларыңызға болады. Қазіргі жағдайда барлық жұмысқа кәсіби түрде қарап, нәтиже алуымыз қажет, - деді Даниал Ахметов.