«Д'Артаньян және үш мушкетер» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдаушы В.Балон дүниеден озды

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Мәскеуде 76 жасында «Д'Артаньян және үш мушкетер» фильмінде гвардейшілердің капитаны кардинал де Жюссактың рөлін ойнаған Владимир Балон дүниеден озды.

Актермен қоштасатын күн және оның қай жерге жерленетіні әзірге белгісіз.

Владимир Балон 1937 жылы 23 ақпанда Санкт-Петерборда туған. Кәсіби спортшы, спорт шебері, рапираларда семсерлесу бойынша юниорлар арасындағы КСРО чемпионы.

Өзінің алғашқы рөлі - адъютант Кутузовты Балон «Гусар балладасы» картинасында ойнады. Эльдар Рязанов оны жауынгерлік шайқастар мен трюктар жасауға шақырды.

Балонның басты рөлдерінің бірі Георгий Юнгвальд-Хилькевичтің «Д'Артаньян және үш мушкетер» фильмінде д'Артаньянның басты жауы - гвардейшілер капитаны кардинал де Жюссактың рөлі болды. Ал мушкетерлардың хикаяларының жалғасы туралы кейін шыққан картиналарда («Мушкетерлар 20 жыл өткен соң», «Анна патшайымының құпиясы, немесе Мушкетерлар 20 жыл өткен соң», «Мушкетерлардың оралуы, немесе кардинал Мазаринидің қазынасы») Балон трюктарды орындады.