Д.Бекхэмнің 12 жасар ұлы Burberry компаниясын жарнамаламақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дэвид және Виктория Бекхэмнің 12 жасар ұлы Ромео Burberry компаниясының жарнамасына түсті. Оның суреттері компанияның ресми Instagram-ында жарияланды. Толық бейнеролик пен суреттер 2014 жылдың қараша айында көрсетілетін болады, деп жазады Lenta.ru.

Burberry қызметкері The Daily Mail журналистерімен кездесу барысында түсірілімнің Лондонда өткендігін хабарлаған. Бейнероликте басқа да танымал әртістер бар көрінеді.