D дәрумені қартайғанда алжудан сақтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық зерттеушілер егде адамдарда D дәруменінің жетіспеуі ақыл-есінің кемуіне әкелетінін дәлелдеді.

Таяудағы зерттеу барысында ғалымдар кері тәуелділікті анықтай алмады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемде егде жаста ақыл-есі кеміген 35 миллионнан астам адам бар екен.