«Бiздiң Ұлттық паралимпиада комитетi мен құраманың ойынша, үлкен паралимпиада спортында ұлттық құрамаға шетел спортшыларын ешқашан тартпаймыз. Инчхонда өткен Пара Азия ойындарында кейбiр ұлттық құрамалар ондайға барғанын көрдiк. Бiр құрама 2 шетел спортшысын тартып, суда жүзуден ондыққа кiрдi және шамамен 10 алтын медаль жеңiп алды. Әрине, бiзге де ондай форматқа жүгiнуге болады. Бiрақ, бiздiң ойымызша, бiзде өз спортшыларымыз бар және паралимпиада ойындарында бұл әбестiк деп санаймыз», - дедi ол.
Еске сала кетейiк, қазақстандық спортшылар Пара Азия ойындарында 7 алтын, 6 күмiс және 11 қола жеңiп алып, жалпы есепте 11-орынға ие болды.