Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге - құрмет» бірлестігінің төрайымы Асылы Осман бүгін Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіш мүсінінне гүл шоғын қою рәсімі кезінде осылай айтты.
«Д. Ахметұлы жаратылысы бөлек жан еді. Оның ерекше қасиеті ешкімді бөліп-жармайтын. Қаншалықты қиын жағдай болса да елді бірлікте-теңдікте ұстай білді. Өмірден озса да адам артында қалған байлығымен емес қоғамға, елге жасаған еңбегімен есте қалатынын айқын көрсетіп отыр. Қонаевтың кішілігі де, қарапайымдылығы да, кісілігі де бар еді. Ол кез келген адаммен мейлі ол қойшы, кенші, ғалым болсын ортақ тіл тауып, жақын тартып жанаса сөйлесетін», дейді А. Осман. Оның айтуынша, адам дүниеге келгеннен кейін ең алдымен - Адам болуы керек. Ол жеке басының мүддесін емес, қоғамның мүддесін ойлағанда ғана - Тұлға болады. Қонаев үлкен әріппен жазылатын - Адам еді. Дінмұхамед Қонаевтың бойында Тұлғаға қажетті қасиеттің бәрі болды. Оның бәрі «Қаланың жақсы болуы көшесінен, баланың жақсы болуы шешесінен» деген қазақтың аталы сөзінде айтылғандай отбасында алған тәрбиенің жемісі деуге болады.