Д. Красильников ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Еуразиялық даму банкі басқармасының мүшесі, корпоративтік қаржыландыру жөніндегі басқарушы директоры Дмитрий Красильников Банк кеңесінің шешімімен ЕАДБ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады ЕАДБ баспасөз қызметінен.

Д. Красильников Мәскеуде 1968 жылғы 18 наурызда туған. 1992 жылы Мәскеу қаржы институтының халықаралық экономикалық қатынас факультетін аяқтаған. 2001 жылы Корнэлл (АҚШ) С. Джонсон атындағы бизнес-мектебінде ІӘМ (МВА) дәрежесін алған. 1992 жылдан бастап 2005 жылдар аралығында Мәскеуде Банктің (АҚШ) ХВҚ миссиясындаа, «Каргилл» корпорациясында және Лондондағы «Шредер Саломон Смит Барни» банкінде, Хьюстонда «Энрон» корпорациясында түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды. 2005-2006 жж. - «Тайга капитал» компаниясының басқарушы серіктесі болды, 2006 жылғы 16 маусымнан бастап Корпоративтік қаржыландыру және қаржы институттары басқармасының басшысы болып тағайындалып, ЕАДБ құрамына кірді. 2010 жылғы қыркүйекте Банктің корпоративтік қаржыландыру жөніндегі басқарушы директоры лауазымына ауыстырылды.