Д.Медведев Мәскеу мэрлігіне С.Собяниннің кандидатурасын ұсынды

АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Дмитрий Медведев Мәскеу мэрінің өкілеттігін беру туралы мәселені қарау үшін РФ Вице-премьері - үҮкімет аппаратының жетекшісі Сергей Собяниннің кандидатурасын Мәскеу қалалық думасының қарауына ұсынды.

Бұл туралы «Ресей 24» телеарнасы хабарлады.

Мәскеу қалалық думасы президент ұсынған кандидатураны кезектен тыс мәжіліс барысында қарамақ.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаттанушылар С.Собяниннің Мәскеу басшысы қызметіне ең ықтимал кандидат екенін бұған дейін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, РФ Президенті Дмитрий Медведев қыркүйектің 28-індегі Жарлығымен Мәскеу мэрі Юрий Лужковты «Ресей Федерациясы Президентінің сенімінен айрылуына байланысты» қызметінен босатқан еді.