Д.Медведев пен У.Банго жоғары технологиялы және энергетикалық салаларда ресей-қытай жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылайды

None
СКЕУ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін Мәскеуде Ресей Президенті Дмитрий Медведев РФ-ға ресми сапармен келген Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты кеңесінің төрағасы У Бангоны қабылдайды.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы болатын сұхбат кезінде ресей-қытай және халықаралық ынтымақтастықтарының неғұрлым өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған.

Тараптар парламентаралық байланыстардың жай-күйін және оны одан әрі жақсартудың жолдарын, жоғары технологиялы және энергетика салаларында бірлескен жобаларды, дінаралық және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылайды деп күтілуде.