Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы болатын сұхбат кезінде ресей-қытай және халықаралық ынтымақтастықтарының неғұрлым өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған.
Тараптар парламентаралық байланыстардың жай-күйін және оны одан әрі жақсартудың жолдарын, жоғары технологиялы және энергетика салаларында бірлескен жобаларды, дінаралық және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылайды деп күтілуде.