Д.Медведев ресейлік милицияны полиция атауына өзгертуді ұсынды

ӘСКЕУ. Тамыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - «Милиция туралы» заңға түзету енгізу мәселелері бойынша өткен кеңес барысында Ресей Президенті Дмитрий Медведев милицияны полицияға өзгерту туралы ұсынысын білдірді.

«Қазан төңкерісі кезінен бері біздің елдегі құқық қорғау органы милиция атауымен атала бастады, сол арқылы олардың халықтық, жұмыс-шаруа сипаты көрсетілді», - деп еске салды ол.

«Меніңше, милицияға өзінің бұрынғы атауын қайтарып, алдағы уақытта біздің құқық қорғану органдарын полиция атауына өзгерту қажет», - деді ол.