Д. Мезенцев: Күн тәртібінде - ЕАЭО мен ШЫҰ ынтымақтастығының форматы
Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме жасап БЕЛТА хабарлады.
Дмитрий Мезенцев ШЫҰ күн тәртібі мәселелерінің бірі - ШЫҰ мен ЕАЭО өзара іс-әрекетінің форматтарын айқындау екенін атап өтті. Бұл интеграциялық бірлестікті қалыптастырған елдер келешекте міндетті түрде күн тәртібіне шығарып, мемлекет көшбасшылары бағалап, талдап, ШЫҰ мен ЕАЭО ықтимал өзара іс-әрекеті бойынша тиісті мәселелерді қарастыратыны сөзсіз.
Бас хатшының айтуынша, ШЫҰ-ның халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Біз БҰҰ-мен өзара іс-қимыл меморандумы жобасын әзірлеудеміз. Ол өткен құжатты толықтырып, кеңейтеді. Және БҰҰДБ-мен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. ҰҚШҰ желісі бойынша тиісті ұсыныстарды қараймыз», - деді Мезенцев.
28 шілдеде Мәскеуде өтіп жатқан «ШЫҰ жалпы ақпараттық кеңістігі жолында» атты ШЫҰ қатысушы мемлекеттердің жетекші БАҚ басшыларының медиафорумын «Россия сегодня» ХАА мен баспа және бұқаралық коммуникциялар федералдық агенттігі ұйымдастырды.