Д.Мезенцев ШЫҰ форумының жеке филиалын ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арнауды ұсынды

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев 2016 жылы Тәжікстанда өтетін ШЫҰ форумының жеке филиалын ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арнауды ұсынды.

Ол бұл бастаманы Бейжіңде өткізілген «Қазақстан халқы Ассамбеясы жылы: қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында көтерді.

«Алдағы жылы 18 мемлекеттің өкілі тәжікстан жерінде ШЫҰ форумының 12-інші отырысына жиналады. Бұл аймақтағы қауіп-қатерлер, гуманитарлық саладағы үрдістер, сондай-ақ ұлттар мен ұлыстар арасындағы қарым-қатынастардың қандай болуы тиістігі жайлы мәселелер кейде қызу пікір-талас тудыратын ресми емес алаң.

Мен секциялардың бірінде бүгін біз айтқандай, қазіргі Қазақстанның этникааралық қарым-қатынасы аясындағы үлгісін ұсынуды ойластырып отырмын. Бұл бастама қазақстандық достар тарапынан қолдауға ие болады деп ойлаймын және ШЫҰ-ға қатысушы-елдердің бәрі де қызығушылық танытатындығына сенімдімін»,-деді ол.