АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет қажетсіздіктен балалар үйі жабыла бастады. Бұл туралы бүгін Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева мәлім етті.
Вице-премьердің деректеріне сәйкес, бүгінде Қазақстанда 8 мың жетім бала бар.
«Өздеріңіз білесіздер, бізде жаңа саясат жүргізілуде. Біздің мақсатымыз - әрбір бала отбасында өсуі үшін жағдай жасау. Бұл жұмыстар қазір өз жемісін беруде. Қазақстанда алғаш рет қажетсіздіктен балалар үйі жабыла бастады», - деді Д.Назарбаева.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.