Д.Назарбаева өз сөзінде үнемі талқылау нысанына айналатын тақырып оқулықтар мен олардың сапасына қатысты өрбитіндігін баса айтты.
«Тақырып өте өзекті және бәрімізге де жақын. Себебі балаларымыздың жақсы да сапалы оқығандығын барлығымыз да қалаймыз. Бұл мәселені шешу де біздің басты назарымызда. Биыл 1-сыныптың барлық оқушылары бірыңғай базалық оқулықпен оқитын болады. Бұл оқулықтарды әзірлеу барысында бұрын айтылған кемшіліктердің барлығы ескерілді. Бүкіл өңірлердегі мектептер сапалы оқу-құралдарымен бірдей қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі уақытта бірыңғай оқулықтардың 95 пайызы баспадан шықты. Ал олардың мектептерге уақытында жеткізілуі министрлік пен әкімдіктердің қатаң бақылауында болуы керек», - деді ол.
Сонымен қатар ол қазіргі уақытта 2-сынып оқушыларына оқулықтар дайындау жұмысы басталғандығын ескертіп өтті.
«Бұл жұмыстар жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Себебі оқулықтарда қарапайым грамматикалық өзге де қателіктер болмауы керек», - деді Дариға Назарбаева