«Мен сіздердің естеріңізге сала кеткім келеді. Өйткені олар (Олимпиада жүлдегерлері) да біздің мектептердің түлектері, біздің оқушыларымыз. Сол үшін сіздерге рахмет. Біздің оқытушыларымыз бизнесте, саясатта, әлеуметтік салада жүрген қаншама таланатты адамдарды тәрбиелеп шығарды. Сондықтан да мен сіздерге сенемін. Сіздер ең ақылдысыздар, таланттысыздар», - деді Д.Назарбаева оқытушыларға қарата.
Сонымен қатар ол спорт кәсіп ретінде жастарымыздың тамаша мүмкіндігі екендігін де баса айтты.
«Егер де сіздер мен біздер, әкімдіктер жергілікті жерде бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып, мектептерді спорт залдарымен, спорттық инфрақұрылыммен жабдықтау ісімен тыңғылықты айналысқан кезде бізде мұнан да көп чемпион болар ма еді», - деді ол.