Вице-спикердің айтуынша, аталған жұмыс тобының құрамына Ұлттық экономика министрлігінің басшылары, мүдделі депутаттар мен әкімдік өкілдері қатысуы тиіс.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қордаланып қалған мәселелерді шешу жолдарын бүгіннен ойластырған ләзім. Қажетті іс-шараларды қысқа мерзімде, жыл соңына дейін қолға алу керек. Өйткені бізге келесі жылды қандай жұмыстан бастайтынымызды айқындау маңызды. Мен өзім де бұл жұмысқа атсалысуға әзірмін. Ал мүдделі тараптардың қатысуымен құрылған жұмыс тобының шешімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын мемлекеттік реттеу туралы заң жобасын әзірлеуге негіз болады», - деді Д.Назарбаева.