Д. Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды
18:39, 14 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.