Басылымның жазуынша, үміткерлердің арасында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Дэвид Петреус бар. Ол 2012 жылы өзінің биографымен некесіз қарым-қатынаста болған деген айыптан кейін қызметінен кеткен еді.
Сонымен бірге Теңіз жаяу әскер корпусының отставкадағы генералы Джеймс Маттис те АҚШ-тың Қорғаныс министрі болып қалуы ғажап емес. Ол жақын арада Трамппен Нью-Джерсиде кездесуді жоспарлап отырған көрінеді.