Дəурен Абаев уақытша тіркеу туралы заңның негізгі мақсаты туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықты уақытша тіркеу туралы заң, ең біріншіден тəртіп орнатуға бағытталған, -дейді Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дəурен Абаев.

"Бұл заң белгілі бір деңгейде тəртіп орнатуға, кімнің қайда тұратынын анықтауға бағытталған. Яғни, халық заң аясында тіркелгені дұрыс",-деді Абаев.

Ақпарат министрі бұл заңды өзге орган əзірлегенін,  заңның негізгі мақсаты туралы айту Ақпарат министрлігінің міндетіне жатпайтындығын, дегенмен заңның басты мақсаты -  салық жинау емес екенін айтты.

"Бұл тұстарын түгендеу біздің міндетіміз болмаса да, заңның бірінші кезектегі мақсаты - белгілі бір деңгейде тəртіп орнату екенін жəне салық жинау сияқты өзге жасырын тəсілдер жоқ екенін сеніммен айта аламын",-деді Дəурен Абаев.