Дабыл: Алматының Наурызбай ауданында сел жүруі мүмкін

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Наурызбай ауданына Қарғалы өзенінде сел жүру қаупі төніп тұрғандықтан дабыл жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарғалы өзені ағатын Наурызбай ауданында сел жүруқаупі бар, себебі судың деңгейі күрт төмендеген және бөгетті кез келген сәттебұзып кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше құжаттарыңызды алып, қалаға қарай кетіңіздер.Бөгет бұзылмауы да мүмкін, алайда қауіптің ықтималдығы жоғары», - дептүсіндірді 112 нөмірінен.

«2019 жылдың 14 тамызында Наурызбай ауданында шағынкөлемде сел шығару жүргізілді. Тұрғындарға ескертіп үлгердік. Энергетикақызметіне жарықты, газды өшіру туралы команда берілді. Ескертеміз, тұрғындарды көшіреміз. Алматы қалалық ТЖД Әуезов жәнеАлатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарғаескерту жасап жатыр», - деп түсіндірді Алматы ТЖД-дан.


Авторы Данияр Дәуітәлиев