Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, үрейленбеуге шақырады.
«Төтенше жағдай орын алған кезде немесе төтенше жағдайдың орын алуына қауіп төнген кезде электр дабылдары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Белгілі бір жағдайда жасалатын іс-әрекеттер туралы ақпараттар мен нұсқаулықтарды алу үшін бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат құралдарын қосуы керек», - делінген таратылған хабарламада.