Дабыл белгісінің жаңсақ қосылып кетуі салдарынан Олимпиада-2016 баспасөз орталығы эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Рио-де-Жайнерода дабыл белгісінің жаңсақ қосылуы салдарынан олимпиадалық баспасөз орталығын эвакуациялады. Бұл туралы ТАСС Олимпиада ойындары-2016 ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дүйсенбіге қараған түні құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлық БАҚ қызметкерлерін баспасөз орталығы ғимаратынан шығарды. 10-15 минуттан кейін БАҚ өкілдері орталыққа қайта орналасуына рұқсат етілді.

 «Бұл жалған дабыл. Біреу қателесіп қосқан болуы керек, - деп хабарлады баспасөз қызметінде. - бәрі орынша, барлығы орындарына қайта оралды».

Бұдан бұрын, 3 тамызда, Рио-де-Жайнерода күдікті қараусыз сөмкенің табылуына орай су спортының сарайы эвакуацияланған. Сенбіде олимпиадалық вело тас жолы саперлері жарылғыш затқа ұқсас затты бақыланбалы жаруды жүзеге асырды.

Олимпиада Рио-де-Жайнерода 21 тамызға дейін жалғасады.