Дабыл қаққыш жүйесін қосқан полиция көлігі баланы басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Калуга облысындағы Обнинск қаласында дабыл қаққыш жүйесін қосқан полиция көлігі кәмелеттік жасқа толмаған қызды басып кетті.

Аймақтық ІІМ басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз баланы жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде қаққан.

«Жол-көлік оқиғасы туралы хабар кезекші бөлімге мәскеу уақытымен 20:15-те түсті. Шұғыл тексеру келеңсіз жағдайдың Королев көшесінде орын алғандығын анықтады. Қыз бала сол жерде мерт болған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан автомобильді байқаған оның құрбысы жол жиегінде тұрып қалған. Қазір оқиға орнында шұғыл тергеу жүріп жатыр. Қызметтік тексеру тағайындалды", делінген хабарламада.