Порталдың жазуынша, қазірде барлық науқан қатысушыларын шұғыл көмек жүйесіне қосу аяқталуда. Үш ай ішінде 4115 құрылғы табысталды. Бүгінге дейін 500-ден астам адам осы құрылғының көмегіне жүгінген. «Аталмыш құрылғылардың арқасында 93 адамның өмірі сақтап қалды: Алматы қ. және Алматы облысында 31 адам; Астана қ. және Ақмола облысында 14 адам; СҚО-да 5 адам, ШҚО-да 9 адам; Жамбыл облысында 5 адам; БҚО-да 4 адам; Қарағанды облысында 8 адам; Қызылорда облысында 2 адам; ОҚО-да 15 адам аман қалды», делінген хабарламада.
Аталмыш науқанның жұмысына бүкіл Қазақстан бойынша 100-ден астам ерікті, облыстық/қалалық/аудандық Ардагерлер кеңестерінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» ЖҚ қатысты.