Дабылды ескерту: Қазақстанның жеті аймағында күн өте ыстық болады

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының жеті аймағында күн өте ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

22-23 маусым күндері күндіз Алматы облысында, 21-23 маусым күндері күндіз Қарағанды облысында күн өте ыстық болады - кейбір жерлерде ауаның температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

21-23 күндері күндіз Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 22-23 маусым күндері Павлодар облысында, 23 маусымда Шығыс Қазақстан облысында күн өте ыстық болады: ауаның температурасы 30-35 градус, кейбір жерлерде 38 градус ыстықты көрсетеді.