08:00, 12 Наурыз 2009
Дағдарыс Билл Гейтске әлемнің ең бай адамы атағын қайтарып берді
МӘСКЕУ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Билл Гейтс қайтадан әлемнің ең бай адамы атанды. Forbes журналы оның дүние-мүлкін 40 миллиард долларға бағалауда,
Гейтс әлемдік дағдарыстан бір жылдың ішінде 18 миллиардын жоғалтса да байлардың тізімін бастап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Ал былтыр миллиардер тізімін бастап келген Уоррен Баффет дағдарыс салдарынан 25 миллиардын жоғалтып, рейтингі төмендеп отыр. Мексикандық магнат Карлос Слим үшінші орынды қанағат тұтуда.