Қазір Қазақстанда 43 дағадарыс ортылығы бар. Оның ішінде 15-і мемлекеттік мекеме, қалғаны үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылып отыр. Әр облыс пен қалада осындай дағдарыс орталықтары бар. Жыл сайын осы орталықтарды қамтамасыз ету мақсатында бюджет тарапынан ақша бөлінеді. Биыл 1 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылды. Дағдарыс орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Олардың сәйкес стандарттары белгіленген. Оған сай, қызметтің 8 түрі көрсетіледі, - деп мәлім вице-министр.
Оның айутынша, осындай орталықтарға қоныстанған адамдарға уақытша жұмысқа орналасуына және медициналық көмек алуына жағдай жасалады. Сондай-ақ оларға жәрдемақы тағайындау бойынша қызметтер көрсетіледі.