Дағдарыс жағдайында 21 мыңнан астам студент ақылы бөлімнен грантқа ауыстырылды

АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Дағдарыс жағдайында үздік оқитын 21 мыңнан астам студент ақылы бөлімнен грантқа ауыстырылды.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жансейіт Түймебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл жалпы мемлекеттік жылдық тапсырыстың 70 пайыздайын құрайды. Жастарды әлеуметтік қолдау бойынша мұндай шара бұрын-соңды болмаған. «Қазақстанның 145 жоғары оқу орнында 633 мың студент білім алады. Мемлекеттік тапсырыс 34 мың 840 орынды құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 1350 орынға артып отыр», деді министр.