Н.Радостовецтің айтуынша, ерікті негізде енгізіліп отырған бұл тәжірибе бүгінде өз нәтижесін беріп отыр. «Атап айтқанда, қосымша ұсыныстар көбейе түсті. Дағдарыс жағдайында электрондық сауданы енгізу біздің шығындарымызды азайтуға мүмкіндік берді», дейді қауымдастық бастығы.
Ассоциация мамандарының есептеуінше, дағдарыс кезеңінде дәл осы кен-руда саласының кәсіпорындары өз шығындарын орта есеппен 15-18 пайызға қысқартып («профильді емес» шығындарды азайтудың есебінен), қаражат айналымын жеделдете алды. Осының арқасында, олар нарық ұсынған төмен бағаларға «шыдас берді».
Бүгінде кеңінен қолға алына бастаған «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» жүйесі де қаржыны тиімді үнемдеудің бірден-бір үлгісі болып отыр. Бұл жүйенің арқасында 20 пайызға дейін бюджет қаражаты үнемделуде.