Дағдарыс жағдайында кәсіподақ ұйымдары қызметінің маңызы арта түседі

ОРАЛ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Дағдарыс жағдайында кәсіподақ ұйымдары қызметінің маңызы арта түседі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өткізілген «Әлеуметтік мәселелерді шешудегі кәсіподақ ұйымының маңызы» атты семинар-кеңесте айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Онда облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен кәсіподақтардың үлкен күш екеніне тоқталып, өңірде әзірге жаппай жұмыстан шығару жайының кездеспегенін, алайда ішінара қысқарту жүріп жатқанын атап өтті. Елбасымыздың Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «Жол картасы» іс-шаралар жоспарының жасалғанын, оған мемлекет тарапынан мол қаржы бөлінгендігін де баса көрсетті. Облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нұрберген Байемеров облыста кәсіподақтар беделі артып келе жатқанын айтып, алда тұрған міндеттерге назапр аударды.