- Марат Алдоңғарұлы, қазіргі сайлау процесінің басты ерекшеліктерінің бірі Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын бірге өткізу болып табылады, бұл жөнінде не айтар едіңіз?
- Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 21 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте хабарлағандай, Қазақстанға да әсер еткен әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында Мәжіліс депутаттары мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын бірге өткізу әділ негізделген шешім болып табылады. Бұл сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген бюджет қаражатының едәуір бөлігін үнемдеуге мүмкіндік береді, ал ол жалпы алғанда шамамен 4,8 млрд теңге.
Осы сайлауларды бірге өткізу сайлау науқанының депутаттық корпусты Парламентте ғана жаңартуға мүмкіндік беріп қоймай, жергілікті жерде де, ол өңірлердегі дағдарыспен байланысты проблемаларды оңтайлы шешуге мүмкіндік беретінімен де байланысты.
- Сайлауға 112 елден байқаушы шақыру жоспарланып отырғаны туралы хабарланды, бұл жұмыс қазіргі уақытта қандай кезеңде?
- Біз 112 ел туралы айтқанда, осы елдердің әрқайсысын Қазақстанға сайлауды байқау үшін шақырамыз дегенді білдірмейді. Әңгіме ЕҚЫҰ, ТМД, Еуропа Кеңесі және басқа да мемлекетаралық ұйымдардың мүшелері болып табылатын елдердің саны жайлы болып отыр. Мысалы, ЕҚЫҰ-ға 57 мемлекет, ТМД-ға - 11 мемлекет мүше болып табылады және ұйымдар сапында елдер бар. Осы мемлекеттерді қосса, 112 ел болып шығады, олардың өкілдері осы халықаралық ұйымдардың миссиялары құрамында қатысады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің желісі бойынша 11 халықаралық ұйымға шақыру жіберілгені белгілі, олар өздеріне мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасындағы сайлауды халықаралық байқауға қатысу үшін шақырулар жіберетін болады.
- Сайлаушылар тізімдерін жасау бойынша жұмыс қалай жүргізілетін болады және оның барлығын кім қадағалайды және біздің елімізде жалпы сайлаушылардың саны қанша?
- Әрбір сайлау учаскесі бойынша нақты сайлаушылар тізімдерін құру сайлау науқанының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Сайлаушылар тізіліміне сәйкес елдегі сайлаушылар саны 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 9 миллион 792 мың адамды құрайды.
Жергілiктi атқарушы органдар - әкімдіктер жасалатын сайлаушылар тiзiмдерiнiң дұрыстығы үшiн жауапты. Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес олар тізімдерді сайлау комиссияларына ағымдағы жылғы 28 ақпанға дейін тапсырады, ал 4 наурыздан бастап азаматтарға өз сайлау учаскелеріне келіп, сайлаушылар тізімдерінен өзі туралы деректерді тексере алу мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте, сайлаушылар тізімдерін тексеру үздіксіз процесс саналады. Сайлаушылар тізімдерін толықтыру дауыс беру күні де орын алуы мүмкін. Сайлаушылар тізімдерін жалпы қадағалауды Ортсайлауком мен сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
- Депутаттыққа кандидаттарды тіркеудің ережелері қандай?
- Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидат ретінде тіркелу үшін Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заңда қойылатын келесі талаптарға сәйкес болуы қажет: Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы болуы; оның дауысқа түсуге келiсiмi не/немесе ниетi туралы өтiнiш беруі; жергілікті атқарушы органдардың шотына ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде, яғни 114 295 теңге сайлау жарнасын енгізуі; кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық органдарына табысы мен мүлкi туралы декларацияларды тапсыруы қажет.
2016 жылғы 23 ақпанға дейін округтік сайлау комиссиялары тіркеу жүргізеді.
Егер кандидат қоғамдық бiрлестiктен ұсынылған болса, онда ол қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының, осы қоғамдық бiрлестiктiң әдiлет органдарында тiркелгенi туралы құжаттың көшiрмесi тiркеле отырып, кандидат ұсыну жөнiндегi отырысы хаттамасының үзiндiсiн; оның дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшiн; өмiрбаяндық деректерін; оның және жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы декларацияларды тапсырғаны туралы салық органының анықтамасын; оның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжатты тапсыруы қажет.
Егер кандидат өзiн-өзi ұсынған болып табылса, онда ол кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшті; өзінің өмiрбаяндық деректерін; өзінің және жұбайының (зайыбының) табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасын; оның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжатты тапсыруы қажет.
Мәслихаттар депутаттығына кандидатты тіркеу фактісі округтік сайлау комиссиясының хаттамасымен ресімделеді және кандидатқа куәлік беріледі.
- Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуын ынталандыру үшін қандай жұмыс атқарылатын болады?
- Республика азаматтарын сайлауға қатысу туралы ақпараттандыру республика бойынша кең ауқымды және үйлесімді түрде өткізілуде. Ол бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіледі: телеарна, радио, газеттер, журналдар, сондай-ақ Интернет желісі.
Республика бойынша азаматтарды алдағы 2016 жылғы 20 наурыздағы сайлау туралы ақпараттандыратын 700-ден астам билборд орнатылды, телеарналар мен радиода 50-ден астам түрлі бейнероликтер мен ақпараттық суреттер жарияланды.
Күн сайын ҚР ОСК-нің ресми Интернет-ресурсында жаңалыққа сілтемелер мен алдағы сайлау науқанын, оны әзірлеу мен өткізу туралы ақпарат орналастырылуда.
Сонымен қатар, 22 қаңтарда ҚР ОСК барлық сайлау процесіне қатысушыларға сайлаушылар тізімдеріне азаматтарды енгізу үшін негіздерді, есептен шығару куәліктерін беру тәртібін, сондай-ақ «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру рәсімін түсіндіретін үндеу қабылдады. Қазіргі уақытта барлық өңірлерде сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары туралы жергілікті баспасөзде хабарларды жариялау аяқталды.