Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру кезінде Алматыда жыл басынан бері 8 135 адам жұмыспен қамтылды

АЛМАТЫ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2009-2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыруға Алматыда биыл инфрақұрылымдық жобаларға 95,4 миллиард теңге жұмсалмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала әкімінің қаулысымен бекітілген бұл бағдарлама - инфрақұрлымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы экономикалық тұрақтылықты қолдауға, мүлік нарығындағы мәселелерді шешуге, шағын және орта бизнесті қолдауға және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталып отыр. Дағдарысқа қарсы бағдарламада жүзеге асырылатын шаралардың жалпы саны - 80. Онда инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға биыл республикалық және жергілікті бюджеттен 95,4 миллиард теңге қарастырылып отыр. Оларды жүзеге асыру кезінде жаңадан 14 894 адамға жұмыс орны ашылып, мемлекет қоржынына салық түрінде 11 588 миллион теңге түспек. Маусымының 1-індегі есеп бойынша, биылғы жылға жоспарланған 65 шараның 12-сі орындалған. Ал жыл басынан бері инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда 29,4 миллиард теңге игеріліп, 8 135 адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 1 миллиардқа жуық теңгенің салықтары төленді.