Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел штабтың кезекті отырысы өтті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел Штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі Жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Кеңес аясында экономиканың салалық бағыттары, көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі «Атамекен» ҰКП-мен, АХҚО-мен және салалық бизнеспен бірлесіп, теріс әсерін басу үшін Қазақстан экономикасына нақты тәуекелдері мен ықпалы, сондай-ақ ықтимал қарсы шаралары қамтылған әлеуетті санкциялық сценарийдің есебін жүргізуде.