Дағдарысқа қарсы шаралардағы қазақстандық модельдің артықшылығы - алға бағытталуында -

АТЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеден одағы көпполярлы әлемге ауысудағы нақты жауап. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан тәуекел менеджменті туралы 6-шы халықаралық конференцияда айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанның дағдарысқа қарсы шараларын бағалауда мына жәйттерге назар аудару керек. Бірінші, мемлекеттік көмектің жалпы ішкі өнімге шаққандағы жоғарғы пайызы. Екінші, жылдамдық. Қазақстан бөлінген қаражатты нақты секторға жеткізудің тетіктерін таба алды. Мәселен, Ресейде бөлінген қаражат кейбір нақты секторларға әлі жеткен жоқ. Үшінші, бизнеске жасалған көмек. Салық кодексінде олардың жүктемесі азайтылды. Меніңше, Қазақстан үлескердің мәселесін шешкен жалғыз ғана мемлекет болып отыр. Бұл елдегі тұрақтылыққа өз септігін тигізді", дейді "Дағдарыстан кейінгі әлем институты" қорының директоры Екатерина Шипова. Оның айтуынша, қазақстандық моделдің басты артықшылығы, алға бағытталуында. Онда даму потенциалының негізі қаланған. Ал Қазақстан, Ресей және Беларус мемлекеттері арасындағы Кеден одағы көпполярлы әлемге ауысудағы нақты жауап. Ол дер кезінде қабылданған шара болып отыр.