Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасына қатысатын жеті кәсіпорын бекітілді

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Сауықтыру жөніндегі кеңестің отырысын өткізіп,

онда Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасына қатысатын жеті кәсіпорын бекітілді, деп хабарлады pm.kz. сайты.

Естеріңізге сала кетейік, Сауықтыру жөніндегі кеңес Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) мақсат-міндеттеріне қол жеткізуге жауапты консультативтік-кеңес органы болып табылады.

Отырыс барысында кеңес қатысушылары Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) қатысушы атанған азық-түлік шығарушы, өңдеуші және тоқыма саласындағы жеті кәсіпорынның тізімін бекітті.

Бағдарламаға қатысу үшін екі кезеңнен өту керек. Бірінші кезеңде кәсіпорын өзінің жүйеқұрушы кәсіпорын екенін растайтын құжаттарды жинауы және бағдарлама талаптарына сәйкес болуы керек. Екінші кезеңде консультанттар кәсіпорынды сауықтыру жөніндегі жоспарды әзірлеуі және ол құжатты Кредиторлар комитеті бекітуі, одан кейін құжат Сауықтыру жөніндегі кеңестің отырысында қаралуы керек.