Дағыстанда судан уланған 100-ден астам адам ауруханаға жеткізілді
15:16, 08 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Дағыстанның Магарамкент ауданында 110 адам ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түсті, олардың басым бөлігі – балалар, деп хабарлайды AZƏRTAC.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Фейруддин Рагимханов улануға ауыз судың себеп болуы мүмкін екенін растады. Ауру жағдайлары Магарамкент, Куйсун, Гиляр, Гапцах және Верхний Тагиркент елді мекендерінде тіркелген.
Республикалық Роспотребнадзор басқармасының мәліметінше, алдын ала анықталғандай, инфекция су арқылы таралған. Қазіргі таңда эпидемиологиялық тексеру басталды.
Айта кетелік қыз ұзату тойындағы жаппай улануға байланысты Павлодар полициясы қылмыстық іс қозғаған еді.