«24, 25 және 26 маусым күндері Дағыстанда аза тұту күні деп жарияланды. Жарлыққа жаңа ғана Сергей Меликов қол қойды», - делінген хабарламада.
Бүкіл республика бойынша аза тұту күндері мемлекеттік тулар жартылай төмен түсіріледі. Өңірде орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық шаралары мен хабарларын тоқтатады.
«Дағыстан Республикасының үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету үшін тиісті шараларды қабылдау тапсырылды», - деп атап өтті билік өкілдері.
Айта кетейік, Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.