«Дағыстан Республикасының үкіметі отставкаға жіберілсін. Республика үкіметінің төрағасы міндетін уақытша атқару Карибов Анатолий Шамсутдиновке жүктелсін. Республика үкіметіне жаңа үкімет жасақталғанға дейін өз қызметін орындауды жалғастыру тапсырылсын», - делінген жарлықта.
Жарлық қол қойылған 5 ақпаннан бастап күшіне енді.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Дағыстанға заңнамалардың орындалуын тексеру үшін Мәскеуден арнайы комиссия келген болатын. Тексеріс барысында Махачқаланың мэрі Мұса Мұсаев, Дағыстан астанасының бас сәулетшісі Магомед-Расул Гитинов тұтқындалды.
Кеше РФ Тергеу комитеті Дағыстан үкіметі төрағасының міндетін уақытша атқарушы Абдусамад Гамидов, оның орынбасарлары - Шамиль Исаев, Рюдин Суфов, республиканың бұрынғы білім министрі Шахабас Шахов және тағы басқалар ұсталғанын мәлімдеді. Олардың барлығына әлеуметтік бағдарламаларға бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылып отыр.