АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Дағыстандық «Новое дело» апталығы редакторының орынбасары Ахмеднаби Ахмеднабиев Махачкаланың маңында атып өлтірілді, деп хабарлайды ВВС.
Бұдан бұрын журналистің өміріне екі мәрте қастандық жасалған екен. «Семендер елді мекенінде үйінен 50 метр жерде белгісіз біреулер журналистің машинасына оқ жаудырған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырды»,- делінген Дағыстан ІІМ қызметкері айтқан мәліметте.
1991 жылдан бері шығарылып келе жатқан басылымда журналист саясат бөлімін басқарған көрінеді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.