«Мәскеу уақытымен 00:45-тегі жағдай бойынша 17 тұрғын үй, 14 қора жанып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Малды да қорадан шығарып үлгердік», - деді Васильев.
Қазіргі таңда өртті сөндіруге 1,5 мың адам жұмылдырылған. Аймақ басшысының айтуынша, су жеткізу жағынан қиындықтар бар, сонымен қатар өртті ауыздықтауға жел мен ауылдың орналасқан жері де кедергі келтіріп отыр. Бірақ жағдай бақылауға алынған.