Дағыстанда екі көлік жардан құлап, бес адам ажал құшты
07:16, 28 Қараша 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағыстанның Цунтинск ауданында 150 метрлік жардан құлаған екі көлік ішіндегі бес адам қаза тапты, деп хабарлады ТАСС агенттігіне республикалық ІІМ баспасөз қызметінің өкілі.
«Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:30-да Дағыстанның Цунтинск ауданында жардан құлаған Audi және Priora көліктері табылды. Оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, соның ішінде үшеуі аудандық ІІБ қызметкерлері болған. Шамасы, жол-көлік оқиғасы түнде орын алған. Оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда».