МАХАЧКАЛА. ТАСС-ҚазАқпарат – Дағыстан тергеушілері Каспий теңізінің жағасынан 18 адамның сүйегі табылғаннан кейін тексеріс ұйымдастырды. Бұл туралы РФ Тергеу комитеті республика бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС жаңалықтарына сілтеме жасап.
«Каспий теңізінің жағасынан 18 адам сүйегінің табылу фактісі бойынша РФ Тергеу комитеті Дағыстан Республикасы бойынша тергеу басқармасының тергеушілері тексеру ұйымдастырды», - делінген агенттік хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша адам сүйектері ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Махачкалада жергілікті демалыс орталығының жанынан 18 адамның сүйегі табылғаны туралы ақпарат тараған.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.