Республикалық құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, жарылғыш қондырғы Солтүстік Қавказ теміржолының Тарки Манас өткелінде Мәскеу уақыты бойынша 04:55 сағатта іске қосылған. Оқиға орнында ешкім де зардап шеккен жоқ.
Төтенше жағдайға байланысты өткелде Баку - Мәскеу жолаушылар пойызы мен екі жүк пойызы тоқтап қалды. Сондай-ақ оларды сүйемелдеуші екі бронды пойыздың да жолы жабылып қалды, деп хабарлайды аймақтағы ішкі істер басқармасының дереккөзі.