Дағыстанда зейнеткер әйел өз бақшасында жүзге жуық жыланды күрекпен ұрып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дағыстанда зейнеткер әйел еліне танымал болды. Ол бір уақытта жүзге жуық жыланды өлтірген.

Бақшасынан бауырымен жорғалаушылардың ұясына тап болған әйел кідірмей, оларды күрекпен ұрғылай бастады. Одан кейін «ұрыс алаңындағы» фотосуреттерді әлеуметтік желілерге салды. Ауылдастары аудан әкімшілігін әйелді ерлігі үшін марапаттауын сұрап отыр.